Қазақстан Республикасының Неаполь қаласындағы өкілдігі

Өкілдікке Құрметті Консул басшылық етеді және оның қызметі Құрметті Консулмен басқарылатын Өкілдіктің өкілетті кеңсесін белгілейтін 1963 жылғы 24 сәуірдегі Вена Конвенциясының нормаларына сәйкес реттеледі.

Құрметті Консул патент хаттары арқылы жіберуші мемлекетпен тағайындалады. Патент хаттарын экзекватураны шығаратын мекендеу мемлекеті растайды.

Құрметті Өкілдік негізінен өкілдік құзыреті аумағындағы (Регион Компания) жіберуші мемлекет – Қазақстан Республикасының азаматтарына көмек көрсетумен айналысады және екі ел арасындағы коммерциялық, мәдени, экономикалық және ғылыми қарым-қатынастарды нығайтуға қолдау көрсетеді.

Өкілдік Қазақстан Республикасына кіруге рұқсатнама бермейді.

Рұқсатнаманы алу үшін Рим қаласындағы Бас Өкілдікке жолығу қажет.

Құрметті консул

Istituzionale2Серджо Москати мырза: халықаралық деңгейде конференциялар мен іс-шараларды ұйымдастыратын Concerto Srl агенттігінің негізін қалаушы және жалғыз әкімгері; Италиядағы осы сектордың жетекші желісі – Meet in Action серіктесі; Кампаниядағы Federcongressi & eventi аймақтық үйлестірушісі; Meeting Professionals International итальяндық секцияның Рast President.

2012 жылдың 27 сәуірінде екінші мандат ретінде Қазақстан Республикасының Патенттік хаттарын және 2012 жылдың 4 шілдесінде Италия Республикасының Экзекватурасын алдым, сонымен Регион Кампаниядағы юрисдикциямен Қазақстан Республикасының Неаполь қаласындағы Құрметті Консулы қызметін қабылдадым.